Жерді өлшеу және бағалау бойынша мамандарды даярлау бағдарламасы. Жер қатынастарын реттеу, жерді пайдалану және қорғау, жер ресурстарын бағалау, аумақты орналастыру және табиғи ландшафттарды жақсарту саласындағы білімді қамтиды. Бұл үдерісте ҚР жер қатынастарын реттеудің нормативтік-құқықтық базасы, жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарды басқару мәселелері, теориялық негіздер, сондай-ақ нарықтық жағдайларда кадастрлық қызметті басқару ерекшеліктері зерделенеді.